17 Қыркүйек 2026, 19:37 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деген ер адам сотталды

Несие алуға байланысты алаяқтық схемаға тосқауыл қойылды.

Сотта жәбірленушілер «Даму» қорының бағдарламасы бойынша 100 млн теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесуі үшін алаяққа әрқайсысы 1 млн теңгеден бергені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол азаматтармен консалтингтік қызметтер көрсету туралы жалған шарттар жасасып алдаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгені құрады. Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі.  

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға және тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады. Ақшалай сыйақы үшін, әсіресе делдалдар арқылы несие алуға жәрдемдесуді ұсыну алаяқтық әрекеттердің белгісі болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған

Тағы оқи отырыңыз: 

Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

Жүргізуші куәлігін таныстары арқылы әперуге уәде берген астаналық сотталды