Астанада жеңіл атлетикадан Astana meeting world indoor tour өтеді

Астанада 23 қаңтарда жеңіл атлетикадан "Astana meeting world indoor tour" жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Astana meeting world indoor tour - 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы.

Серия жабық жеңіл атлетика жарыстарына арналған Гауһар лига үлгісінде, жабық жайдағы жеңіл атлетикалық жарыстардың беделін арттыру мақсатында құрылған. Бұл серия бұрынғы IAAF Indoor Permit Meetings сериясын ауыстырды. 2021 жылы тур жарыстың үш деңгейін енгізді: алтын, күміс және қола. Astana Meeting жарыстың күміс мәртебесіне ие.

Жарысқа шетел командаларынан 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар жеңіл атлетиканың 12 түрінен сынға түседі. Жарыстың әр түрінде отандық спортшылармен қатар 4 шетелдік атлет бақ санасады.

Жарыстың әрбір түрінен жүлде қоры 4000 АҚШ доллары.

Аталмыш жарыс, отандық жеңіл атлетиканың беделін халықаралық деңгейде көтеріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Astana meeting жеңіл атлетика саласындағы жылдың ең мәртебелі жарыстарының бірі болмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото Bestnews.kz
Өзгелердің жаңалығы