Астанада тұман мен аяз, Алматы +7 градусқа дейін жылынады: Үш күндік ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында алдағы үш күнге – 30 және 31 қаңтар, 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы ауа райы

30 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде –18…–20°, күндіз –7…–9°.

31 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде –18…–20°, күндіз –8…–10°.

1 ақпан
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде –17…–19°, күндіз –5…–7°.

Алматыдағы ауа райы

30 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз –1…+1°.

31 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с.
Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз +1…+3°.

1 ақпан
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°, күндіз +5…+7°.

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы өзгеріп, жылымық пен көктайғақ күтілетінін хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы