Астанада тапа-тал түсте бойжеткенді тонамақ болған азамат ұсталды

Астанада тапа-тал түсте бойжеткенді тонамақ болған азамат Семейден ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Абай облысының ПД хабарлады.

Астанадағы қарақшының ұсталғаны туралы бейнежазба пайда болды.

Оқиға 12 ақпан күні Астанада болған, белгісіз ер адам қызға арқасынан шабуыл жасаған. Болған оқиғадан кейін қаскүнем жасырынып кетті. Ол іздеуге жарияланды. Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысы ПД жеке құрамы бағдарланды. Сағат 6:00 шамасында "Ертіс" бақылау пунктінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары Семей қаласына кірген кезде салонында жолаушы ретінде күдікті болған "Тойота" автокөлігін тоқтатты, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, жақын арада елорда полициясына беріледі.

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам бойжеткенге шабуыл жасағанын хабарладық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы