Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды

Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«ҚазТАГ» редакциясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жеке компания өкілінің бірнеше рет "жала жапқан ақпарат таратты" деген жазбаша арызы негізінде басталды. Бұл әрекет олардың іскерлік мүдделері мен беделіне айтарлықтай зиян келтірген. Тергеу іс-шаралары қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді. Жиналған материалдар, тергеу сатысы және заңда көрсетілген негіздер ескеріліп, 23 желтоқсанда ҚазТАГ бас редакторы ұсталып, Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Полиция мәлім еткендей, тергеу іс-шаралары ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің талаптарына толық сәйкес жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы талаптарына сәйкес жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда медицина саласының басшылары ұсталғаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы