19 Ақпан 2026, 19:35
Фото: видеодан скриншот
Астанада адамдарды тонаған үш студент ұсталды
Үш студент көшеде адамдарды ұстап алып, заттарын тартып алған.
Астанада тонауға қатысқан күдіктілер ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, таңертең үш студент көшеде кетіп бара жатқан азаматты тоқтатып, күш қолданып, одан қымбат сағатын ашық түрде тартып алған.
Көп ұзамай олар тағы бір ұқсас қылмыс жасап, екінші ер адамның ұялы телефонын иемденген.
Жәбірленушілер дереу полицияға хабарласқан. Қызметкерлердің жедел әрекеттері мен бейнебақылау камераларының жазбаларын талдау нәтижесінде күдіктілер бір сағат ішінде анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада емхана кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталған болатын.