Бүгiн 2026, 13:42
Фото: видеодан скриншот
Астанада ер адам дүкендегі шоколадтарды шалбарына тығып әкетпек болды
Ол 10 дана шоколадты алып, кассадан байқатпай өткізу үшін оларды шалбарына жасырған.
Астанада ер адам дүкендегі шоколадтарды шалбарына тығып әкетпек болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордадағы дүкендердің бірінде ер адам ұрлық жасауға әрекеттенген. Ол 10 дана шоколадты алып, кассадан байқатпай өткізу үшін оларды шалбарына жасырған.
Алайда оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Күдіктінің жеке басы жедел анықталып, ол жауапкершілікке тартылды. Ер адам ұрланған тауардың бір бөлігін көшеде өтіп бара жатқан адамдарға сатып үлгерген, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада емхана кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды.