7 Қазан 2026, 13:46 Фото: видеодан скриншот

Астанада бес көлік өртенген оқиға: Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Астанадағы тұрақта болған төтенше жағдай.

Астанадағы тұрақтардың бірінде бес автокөлік өртеніп, салдарынан бір адам жансақтау бөліміне түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәбірленуші туралы не белгілі?

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

«Науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады ведомстводағылар.

Не болды?

Өрт 6 қазан күні таңертең Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жанындағы ашық тұрақта болды. От бес жеңіл көлікті шарпыды. Қатты желдің салдарынан жалын жақын маңда тұрған басқа көліктерге де лезде тараған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен.

Полиция не хабарлады?

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, көліктердің бірін қашықтан оталдыру кезінде электр сымдары тұйықталған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан көлік тіпті орнынан қозғалып кетіп, алдында тұрған «Элантрамен» соқтығысқан. Ал, Hyundai көлігі шамамен жартылай өртеніп үлгерген. Қалған көліктерден тек қана күйеге оранған металл қаңқалар ғана қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада автотұрақта тұрған бес көлік түгі қалмай жанып кеткені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Talan Towers-тен құлаған материал екі көлікті зақымдады: Шығынды кім өтейді?

Алматы облысында балаларды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды

Қазақстанның алты өңірінде жүргізушілерге қар жауатыны туралы ескерту жасалды