29 Қазан 2026, 17:15 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада автобус қызды қағып кетті: Зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр

Зардап шегуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.

Елордада автобус қағып кеткен қыздың жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қыз баланың жағдайы ауыр.

Қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, тұрақты, – деді елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, Астанадағы Байтұрсынов көшесінде автобус жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Қыз жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші мен қоғамдық көліктің жолаушылары зардап шекті. Оқиғаға қатысты полиция да түсініктеме берді.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада рөлде телефонмен сөйлесіп, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі жазаланды.