Бүгiн 2026, 14:07
Фото: видеодан скриншот
Астанада 35 жастағы қыз Есіл өзеніндегі көпірден секіріп кетті
Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Астанада көпірден өзенге секірген қыз құтқарылды.
Бүгін 112 пультіне Атырау көпірі маңында суға батып бара жатқан қыз туралы хабарлама түскен.
Есіл өзенінің жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен ТЖМ қызметкерлері заманауи қайықпен дереу оқиға орнына шықты. Екі шақырымға жуық қашықтықты еңсеріп, олар оқиға орнына бір минуттың ішінде жетті. Құтқарушылар келгенге дейін қызға сол маңда болған байдарка қауымдастығының мүшелері көмек көрсетіп, оны су бетінде ұстап тұрған. 1991 жылы туған әйел жағаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам 11-қабаттың терезесінен секіріп кеткені хабарланды.