2 Шілде 2026, 22:16 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Astana LRT-ға ресми түрде жаңа атау берілді

Компания инфрақұрылымның барлық элементі кезең-кезеңімен жаңартылатынын айтты.

Астана қаласының жеңіл рельсті көлік жүйесіне "Tarlan Astana" атауы берілсін. Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын, – деп жазылған әкім қаулысында.

LRT операторы City Transportation Systems (CTS) компаниясы да атаудың өзгергенін растады. Стансалардың электрон дисплейлерде жаңа атау көрсетіле бастады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы LRT-ның атауы өзгеретіні хабарланған. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың отырысында қаралды.