11 Қараша 2026, 12:32 Фото: ©️ BAQ.KZ/Нұркен Алишев

Астана әуежайына бомба туралы хабарлама түсті: Полиция қылмыстық іс қозғады

Астана халықаралық әуежайына ұшақ бортында жарылғыш зат бар деген хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Осыдан кейін Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсінің салоны тексерілді. Алайда күмәнді заттар анықталған жоқ.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әуе кемесін тексеру барысында жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылмаған.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау үшін жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында бір адам қаза тапты.