Әскери қызметкер 26 жыл қызмет етсе де зейнетақысыз қалды
Конституциялық Сот әскерилерге қатысты шешімді жариялады.
26 жылдан астам қызмет еткен бұрынғы әскери қызметші Конституциялық Сот арқылы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауға қол жеткізе алмады.
Конституциялық Сотқа әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау шарттарын белгілейтін Әлеуметтік кодекс нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түскен.
Өтініш жасауға 26 жылдан астам еңбек сіңірген, бірақ теріс себептермен әскери қызметтен босатылған бұрынғы әскери қызметшіге зейнетақы тағайындаудан бас тарту негіз болды. Барлық сот сатылары бұл бас тартуды заңды деп таныды.
Өтініш иесі қажетті еңбек сіңірген жылдары бола тұра, зейнетақы тағайындау үшін шекті жасқа жету талабын қызметтен босатудың өзге негіздерімен салыстырғанда әділетсіз деп есептейді.
Конституциялық Сот әскери зейнетақы екі шарт сақталған жағдайда тағайындалатынын түсіндірді. Біріншіден, жеткілікті еңбек сіңірген жылдарының болуы, екіншіден қызметтен шекті жасқа жетуіне байланысты босатылуы керек. Бұл талаптар әскери қызметтің ерекше құқықтық мәртебесі ескеріле отырып, заңмен белгіленген, - деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі.
Конституциялық Сот әртүрлі жағдайлар үшін әртүрлі талаптардың белгіленуі, егер олардың ақылға қонымды әрі заңды негіздері болса, өздігінен кемсітушілік болып табылмайтынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін әскерге барудан жалтарғандарға қандай жаза бар екені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстанда сарбаздарға смартфон қолдануға рұқсат берілді
Өскемендегі сарбаз өлімі: Прокуратура марқұм мен тағы 6 сарбазға қысым көрсетілгенін анықтады
Әскери саладағы жеңілдіктер мен төлемдер: Сыйақы, жалақы, 425 000 теңгеге дейінгі материалдық көмек