Бүгiн 2026, 18:45 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Әскерден босатуға уәде берген: Полиция Ақтөбе облысының 21 жастағы тұрғынын ұстады

Ақша берген азамат алданды.

Әскерге бармауға көмектесемін деп ақша алған жас жігіт ұсталды.

Полицияға әскерге шақыруға байланысты медициналық комиссиядан өтіп жүрген 20 жастағы тұрғын жүгінді.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат 250 мың теңге көлеміндегі ақшаға әскерге баруды кейінге қалдыруға көмектесетінін айтқан. Оның сөзіне сенген жас жігіт көрсетілген соманы қолма-қол берген. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай, уәдесін орындамаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Аталған факті бойынша алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Істің барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады.

Әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметтерді алу секілді мәселелерді ақша арқылы шешіп беремін деген адамдарға сенбеуді ескертеді. Мұндай ұсыныстардың басым бөлігі алаяқтық әрекеттер болып табылады. Әскери қызметке қатысты барлық шешімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы қабылданады. Егер сізге қандай да бір мәселені ақшаға шешіп беруді ұсынса немесе алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарласыңыз, - дейді полиция өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін биыл әскерге алынғандарға қандай жеңілдік бар екені хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Қорғаныс министрінің орынбасары әскердегі ұлы туралы айтты

Әскердегі тәртіпті енді жасанды интеллект бақылайды

Тоқаев әскери реформаларды жеделдетуді тапсырды