Қаскелеңдегі жарылыс: зардап шеккен екінші адам ауруханада көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында болған жарылыс салдарынан екінші адам ауруханада көз жұмды.
Бүгін кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды, - делінген Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. Қазіргі таңда зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ұсынылған. Ол шығындардың барлығын әкімдік өтеп беретінін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік , бүгін Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында газ ауа қоспасы жарылды. Жарылыс салдарынан 7 адам жарақаттанып, бір бала оқиға орнында жан тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы