АШМ: Елде егіс науқанын жүргізуге 450 мыңға жуық арнайы техника бар

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде сапалы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қажетті ресурстармен қамтамасыз етуде. Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құралымдарында 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешендері, 76 мың тұқым сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралдары бар, - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 

Вице-министрдің мәлімдеуінше, елімізде бірнеше технологиялық операцияны орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерінің 4,9 мыңнан астам бірлігі дәнді дақылдар алаңдарының 70 пайызын себуге мүмкіндік беріп отыр.

Техникалардың дайындығы шамамен 95 пайыз. Егіс жұмыстарын жаппай бастау алдында 100 пайызға дайын болады, - деді Әбілхайыр Тамабек. 
 

Бұған дейін биыл қаңтар айынан бастап алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге көлемінде қаржыландыру пысықталғаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: agroinfo.kz
Өзгелердің жаңалығы