Asar Baspana пирамидасы: Қазақстандықтар алаяқтарға 25 млрд теңге беріп қойған
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі «Asar Baspana» қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.
Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.
Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайларда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қала прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, жылдам және кепілдендірілген табыс табу уәделеріне сенбеуге шақырады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "қаржы пирамидасына қатысатындарды түрмеге қамау керек" деп мәлімдеген керек еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?
Келесі жаңалық
Мешітте жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы