Арыстанбек Мұхамедиұлының досы коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусты жұқтырған опера әншісі Пласидо Доминго қазіргі жағдайы туралы айтты.
Аңызға айналған испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында денсаулық жағдайы жалған ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында таралғандығын атап өтті. Әншінің айтуынша, ол қазір үйде және өзін жақсы сезінеді.Қуанышымызға орай, мен дереу дәрігерге бардым. Олар менің жасым мен денсаулығымды ескере отырып, өмірімді сақтап қалды. Ойымнан коронавируспен аурып жатқандар шықпайды.Сондай-ақ ақ халатты жандарға алғысым шексіз. Барлықтарыңызға сүйіспеншіктеріңіз бен қолдауыңыз үшін ризашылығымды бідіремін. Осы кезде үйде болып, өз-өздеріңізге қамқор болуға кеңес беремін - деп жазды Доминго Facebook-те.
Ол емдеуді жалғастырып жатқанын және сөзсіз айығатынын айтты.
Айта кетейік, испаниялық әнші Қазақстанның экс-мәдениет және спорт министрі, бүгінгі таңда ұлттық музейдің директоры қызметін атқарып отырған Арыстанбек Мұхамедиұлымен жақын араласады. Ол опера әншісі Пласидо Доминго мен жары Марта Домингоның үйленулеріне де барғанын жазған болатын.
Плацидо Доминго - әлемдегі әйгілі тенорлардың бірі. Ол 50 жыл бойы опера сахнасында өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Доминго 140-тан астам опера партиясын орындады. Әнші 14 "Грэмми" сыйлығының иегері.
22 наурызда испаниялық опера әншісі Пласидо Домингодан коронавирус инфекциясы табылған еді. Кейінірек ақпарат құралдары 79 жастағы тенордың COVID-19 вирусына байланысты ауруханаға түскені туралы хабарлады.
Бұған дейін ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жақын араласатын досы Испанияның атақты опера әншісі Пласидо Домингоның коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавл қаласы карантинге жабылады
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы