"Артемида-2": Соңғы 50 жылдағы ең үлкен ғарыш фотоархиві жарияланды
Ай миссиясының 12 мың суреті жарияланды.
NASA Айға бағытталған «Артемида-2» миссиясы аясында түсірілген барлық фотосуретті жариялады.
Агенттік мәліметінше, ашық қолжетімділікке жоғары сападағы 12 217 сурет жүктелген. Бұл – соңғы ондаған жылдағы ең ауқымды ғарыш фотоархивтерінің бірі.
«Артемида-2» миссиясы 50 жылдан астам уақыттан кейін Айға бағытталған алғашқы пилотты ұшу ретінде тарихқа енді. Алайда бұл сапарда қону қарастырылмаған. Төрт астронавт Orion spacecraft кемесімен ұшып, оны Space Launch System зымыран-тасығышы орбитаға шығарды.
Ұшу барысында кеме Айды айналып өту траекториясына шығарылып, кейін Жерге қайта оралды. Қайтар жолда капсула атмосфераға шамамен 40 мың км/сағ жылдамдықпен еніп, Тынық мұхитына сәтті қонды. Экипажды құтқару қызметтері қарсы алды. Жалпы миссия 10 күнге созылған.
Қазіргі таңда NASA «Артемида-3» миссиясына дайындалып жатыр. Алайда бұл миссияда да Ай бетіне қону жоспарланбаған.