Бүгiн 2026, 13:56 Фото: видеодан скриншот

Аршалыда Есіл өзені ағызып әкеткен көліктегі жүргізуші құтқарылды

Жүргізуші құтқарушалыр келгенше көлік шатырында отырған.

Аршалыда жүргізуші мен көлікті Есіл өзенінің ағысы алып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Ақмола облысы Аршалы ауданында қауіпті оқиға болған. Жеңіл автокөлік Есіл өзеніне түсіп кетіп, оны ағыс шамамен 500 метрге дейін алып кеткен.

Жүргізуші көліктің салонынан шығып үлгеріп, көліктің шатырына шығып, көмек күткен.

Оқиға орнына Аршалы ауданының әмбебап бөлімшесінің құтқарушылары жедел келді. Қайықтың көмегімен олар ер адамға жетіп, оны жағаға шығарды. Медициналық көмек оған қажет болмады, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Тағы оқи отырыңыздар:

2026 жылғы көктем: Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі әлі де жоғары?

Күннің күрт жылынуына байланысты Солтүстік Қазақстандағы өзендер тасуы мүмкін – Қазгидромет.

Сырдария көпіріндегі су деңгейі төмендеді.