Арқалықта 12 жеке тұрғын үйді су басты
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қардың қарқынды еруі салдарынан Арқалықтың бірнеше ауданын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, 20 аула аумағы, соның ішінде 12 тұрғын үй су астында қалды. Төтенше жағдай Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде болған.
Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстары жүргізуде, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін министрлік Ақтөбе облысындағы еріген қар суы бойынша жағдай тұрақты деп мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлік министрлігінің басшысы Үрімші әуежайына барды
Өзгелердің жаңалығы