6 Қараша 2026, 15:53 Фото: Ақтөбе облысының ПД

Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп кетті: Марқұмның артында төрт жасар қызы қалды

Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның артында төрт жасар қызы қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 6 қарашаға қараған түні болған. 26 жастағы әйелді өлтірді деген күдікке оның 31 жастағы күйеуі ілінген. Оқиға көпқабатты тұрғын үйде болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы тұрмыстық жанжалдан кейін болған.

Полицияның хабарлауынша, бұған дейін бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы жанжалға қатысты ешқандай арыз-шағым немесе хабарлама түспеген.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі неке сарайында 26 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірді.