Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан жеті күдікті ұсталды
Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.
Ақтөбе облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімшенің жауынгерлерінің қолдауымен қала тұрғындарына қатысты бопсалау және тонау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген маргиналды орта өкілдерінен құралған топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Тергеу мәліметтері бойынша, 17 шілде күні күдіктілер ойдан шығарылған қарызды қайтару сылтауымен жәбірленушіге күш қолданып, оны несие рәсімдеуге және депозиттік шотынан ақша шешіп беруге мәжбүрлеген. Осылайша олар заңсыз жолмен 700 мың теңгені иемденіп, жәбірленушіге елеулі материалдық шығын келтірген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жеті күдіктінің жеке басын анықтап, оларды ұстады. Барлығы ішкі істер органдарына жеткізілді. Аталған дерек бойынша бопсалау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға және дәлелдемелерді бекітуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ұсталғандардың Ақтөбе облысының аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмыс, бопсалау, күш қолдану және басқа да ауыр қылмыстардың кез келген көрінісіне қатаң тосқауыл қойылатынын, ал кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы қатарластарын қорқытып, ақша бопсалағаны анықталды.
- Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды 22:20
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40