16 Қараша 2026, 18:21 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Ақтөбеде атыс болды: Оқиға орнынан ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбеде атыс болған жерден ер адамның мәйіті табылды. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, қылмысқа қатысы бар күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 қараша күні таңертең Ғазиза Жұбанова мен Нұрлы таң көшелерінің маңында полицейлер аумақты қоршауға алған. Куәгерлердің айтуынша, олар оқ атылған дыбысты естіген. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар аумақтың қоршалуына байланысты балаларын жақын маңдағы балабақшаға апара алмағанын жеткізді.

Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. Тергеушілер мен жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Жалған әрі шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды және тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз, - деп жауап жолдады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында атыс пен шабуылдан кейін полиция жанжалға қатысушыларды ұстады. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын ұсталды

Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Түрмеден басқарып отырған: Шымкентте бопсалаумен айналысқан топ ұсталды