Бүгiн 2026, 13:33 Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбеде 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне атмосфералық электр тогының әсері, яғни найзағайдың соғуы себеп болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары марқұмның нақты қай жерде және қандай жағдайда найзағайдың құрбаны болғанын тексеруде. Тергеу нәтижесінде қосымша ақпарат жарияланатын болады, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы күндері өңірде ауа райы күрт құбылып, найзағай ойнап, нөсер жауын жиілеген. Мамандар мұндай кезде ашық алаңда жүрмеуге, жалғыз тұрған ағаштардың маңына паналамауға және металл заттардан алыс болуға кеңес береді.

Еске салсақ, бұған дейін Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенген болатын.