Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өзіне қол салды

Ақтөбеде 13 қыркүйекте 11-сынып оқушысы өзіне қол саған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе ПД мәліметінше, 13 қыркүйекте полицияға көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Келген жедел тергеу тобы кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсағанын анықтады, – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында төртінші сынып оқушысы өзіне қол салмақ болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы