Ақтауда Жаңаөзенде дәрігердің өліміне қатысты іс бойынша сот басталды
Дәрігерге жасалған шабуыл ісі бойынша айыпталушы кінәсін мойындаған, соңғы шешімді сот шығарады.
Ақтауда Жаңаөзен қаласының дәрігер-терапевті Нұрдәулет Аманғалиевтің өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Іс мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта қаралып жатыр. Отырысты судья Серікқали Бердібеков жүргізуде.
Іс материалдарына сәйкес, ауыр жараланған дәрігер 2026 жылдың 28 қаңтарында жұмыс орнында табылған. Белгілі болғандай, медициналық мекеме дәлізінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны пышақпен жаралаған.
Дәрігердің өмірі үшін әріптестері бірнеше сағат бойы күрескен. Шабуылдан кейін оған шұғыл ота жасалды. Осы мақсатта Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасынан санитарлық авиация арқылы ЛОР-дәрігер, реаниматолог және тамыр хирургі жедел жеткізілген. Алайда Нұрдәулеттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Күдіктінің өз еркімен полицияға барып, қылмысын мойындағаны белгілі.
Жаңаөзенде болған бұл қайғылы оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Сот отырысына қатысқан блогер Азамат Сәрсенбаев залдағы ахуалды «ауыр» деп бағалап, болған жағдайға қатысты өз нұсқасын айтты.
Оның айтуынша, оқиға қызғаныш салдарынан болған. Айыпталушы – үйленген, бес қыздың әкесі, жұбайының опасыздығын ауыр қабылдаған.
Блогердің сөзінше, қайғылы күні ер адам әйелінің опасыздығына қатысты жаңа дәлелдер алған. Осыдан кейін ол пышақ алып, қарсыласының жұмыс орнына барып, оған бірнеше рет соққы жасаған, кейін өз еркімен полицияға барған.
Ресми органдар айыпталушының әрекетіне құқықтық баға сот талқылауының қорытындысы бойынша берілетінін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде дәрігердің кісі қолынан қаза тапқаны туралы жаздық.
Сондай-ақ атышулы іске қатысты ІІМ пікір білдірді.
- Ақтөбелік әйел TikTok-тағы әрекеті үшін қамалды 17:03
- Қазақстанда жастар мен отбасының демографиялық болашағы туралы жаһандық зерттеу таныстырылды 16:45
- Жамбыл облысында жүкті әйелін зиратқа апарып, ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды 16:30
- Маңғыстауда шаруашылық нысанынан 83 келі есірткі табылды 16:03
- Сицилияда Этна жанартауының атқылауына байланысты әуежай жабылды 15:41
- Ақтөбеде жолда «шоу көрсеткен» жастар жазаланды 15:23
- ІІМ қазақстандықтардың деректерін сататыны туралы хабарландыру авторын іздеп жатыр 15:05