Бүгiн 2026, 18:03 Фото: видеодан скриншот

Ақтауда көшеде кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алған әйел ұсталды

Ақтауда әйел подъезд алдында бүлдіршіннің сырғасын құлағынан шешіп алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласының 29-шағын ауданында түсірілген видео пайда болды.

Белгілі болғандай әйел подъезд алдында орындықта отырған қыз балаға жақындап, онымен сөйлескеннен кейін құлағындағы алтын сырғасын шешіп алып, кетіп қалған.

30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматыда дәрігерлер маңдайына қайшы қадалып қалған баланы құтқарды

Қарағанды облысында 3 жасар баланың үстіне ғимарат қасбеті құлап, оған шұғыл ота жасалуда

Қарағандыда ер адам ойын алаңында баланы ұрған