Ақтауда ер адамнан күшті әсер ететін заттардың ірі партиясы тәркіленді
Полиция күдік тудырған азаматты ұстады. Тінту кезінде одан және көлігінен күшті әсер ететін заттар мен есірткіге ұқсас ұнтақ табылды.
«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында күшті әсер ететін заттарды заңсыз сақтау және тасымалдау фактісін анықтады.
30 шілдеде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде одан «Тропикамид» және «Прегабалин» күшті әсер ететін заттары анықталып, тәркіленді.
Сондай-ақ ұсталған азаматтың автокөлігін тінту барысында 82 құты «Тропикамид», 21 таблетка «Прегабалин» және сыртқы белгілері бойынша есірткі затына ұқсас ұнтақ тәрізді зат салынған бума тәркіленді, - деп хабарлады облытық Полиция департаменті.
Тәркіленген заттарға қатысты сот сараптамасы тағайындалды.
Аталған факті бойынша 2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұдан бөлек, күшті әсер ететін затты қолдану фактісі бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Соттың қаулысымен оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, - делінген Маңғыстау облысы Полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда екі келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген болатын.
- 13 қыркүйекке арналған валюта бағамы 09:49
- Илон Маск пен Сэм Альтман ЖИ дамуын бәсеңдетуді қолдады 09:20
- «Таза жағалау» акциясы: 586 гектар жер қоқыстан тазартылды 08:54
- Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады 08:33
- Отбасы күні: Қазақстанда отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі? 08:29
- Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды 08:18
- Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады 08:02