Ақтауда ер адам біреудің көлігін кірпішпен ұрып, тас-талқанын шығарды
Ақтау тұрғыны көшеде тұрған көлікке кірпіш лақтырып, бұзақылық жасаған.
13 мамырда Ақтау тұрғыны біреудің Nissan Primera маркалы автокөлігіне кірпіш лақтырып, бұзақылық жасаған. Салдарынан көліктің терезелері мен шамдары зақымдалған.
Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, жанжал көлік иесінің құрылыста істеген жұмысы үшін қала тұрғынына еңбекақысын төлемеуінен туындаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында құқық бұзушының анықталып, ұсталғанын хабарлады.
13 мамыр күні Ақтау қаласында ер адам тас алып, Nissan Primera маркалы автокөліктің алдыңғы әйнегін зақымдаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушы уақытша ұстау бөлмесіне қамалды, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда түнгі уақытта көліктің терезесінен фейерверк атқан жастар қамауға алынды.
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49
- Астанада бұған дейін жабық болған «Жібек жолы» LRT станциясы ашылды 09:24
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54
- Қазақстан мен Ресей волонтерлері трансшекаралық өзендерді тазалады 08:32