Ақсуда "жүктімін" деген әйел 20 тәулікке қамалды
Прокуратураның араласуынан кейін мас күйде жол апатын жасаған әйел жазаланды.
Жалған жүктілік анықтамасы құтқармады. Ақсуда әйел 20 тәулікке қамауға алынды.
Ақсу қаласының прокуратурасы мас күйінде көлік басқару ісін қарау барысында жалған жүктілік анықтамасын пайдалану фактісін анықтады.
Тексеру барысында әйелдің жүргізуші куәлігінсіз, алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасағаны белгілі болды. Сотқа оның жүкті екендігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде жаза жеңілдетіліп, әкімшілік қамау айыппұлмен ауыстырылған.
Алайда прокуратура жүргізген тексеріс медициналық құжаттың жалған екенін көрсетті.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 416-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүргізілуде. Ақсу прокуратурасы құқық бұзушылықтың саралануын және жаза түрін өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат енгізіп, айыппұлды әкімшілік қамауға ауыстыруды талап етті. Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда заңсыз декреттік төлем алмақ болғандар сотталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
БҚО-да алимент төлемей жүрген әкелердің құмар ойынға миллиондап ақша тіккені анықталды
Қазақстанда инвесторларды негізсіз тексеру азайды
"Ақшаңызды еселеп қайтарамын" деп 154 адамды алдаған алаяққа үкім шықты