Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрт сөндірілді

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері зауыттағы ірі өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ақсу ферроқорытпа зауытында трансформатордағы өрт 21 маусым күні, сағат 16.00-де шыққан болатын.

Жалын тараған жалпы аумақ 200 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндіруші қолынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында ТЖД-нң 53 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің батылдығы мен күш-жігерінің арқасында тілсіз жау 20:52-де оқшауланып, 22:40-та толығымен жойылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы