22 Қазан 2026, 15:29 Фото: видеодан скриншот

«10 млн теңге бермесең, көлігіңмен бірге өртейміз»: Шымкентте кәсіпкерді бопсалаған екі ер адам ұсталды

Шымкентте кәсіпкерге күш көрсеткендер ұсталды: 5 млн теңге алып жатқан жерінде қолға түсті

Шымкентте кәсіпкерге қоқан-лоқы көрсетіп, 10 млн теңге талап еткен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 млн теңге талап еткен. Ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетіндерін айтып қорқытқан.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында келтірілген шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.

Жедел іс-шаралар барысында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктілерді талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өз бетінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 700 мың теңге бермесең, видеоңды таратамыз деп адамдарды қорқытқан бопсалаушылар ұсталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған

Кездесуге шақырып, ұрлап әкеткен: Астанада жәбірленушілерді кредит алуға мәжбүрлегендер ұсталды

3 млн теңгеден астам ақша бопсаланған: Павлодарда алты күдікті қолға түсті