17 Қараша 2026, 11:42
Фото: pixabay.com
АҚШ-тағы ұлттық парк аумағында ұшақ құлады
Гранд-Каньон маңында ұшақ апатынан үш адам қаза тапты.
АҚШ-тың Аризона штатындағы Гранд-Каньон ұлттық паркінің солтүстік бөлігі маңында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта болған үш адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы ұлттық парктің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Ұлттық парк қызметкерлері әуе кемесінің сынықтарын 16 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:15 шамасында тапқан.
Оқиға боларға дейін төтенше жағдайлар қызметіне бортында үш адамы бар ұшақтың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Әуе апатының себептері мен өзге де мән-жайы әзірге нақтыланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Дубайдан ұшқан ұшақ «басып алу» дабылынан кейін радардан жоғалып кеткені хабарланды.