15 Шілде 2026, 19:42 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ

АҚШ-та Дональд Трамп бейнеленген естелік монета соғыла бастайды

Монета Тәуелсіздік декларациясының қабылданғанына 250 жыл толуына орай шығарылуда.

Америка Құрама Штаттарының Монета сарайы президент Дональд Трамптың бейнесі бар, номиналы бір долларлық жаңа алтын монетаны шығаруға кіріседі.

Монета - ел 2026 жылы атап өтетін АҚШ Тәуелсіздік декларациясының қабылданғанына 250 жыл толуына арналмақ.

Шығарылымның басталғаны туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа монета америкалық құндылықтардың, бостандық пен патриотизмнің символына айналады.

Америка Тәуелсіздігінің 250 жылдығын атап өтетін жылы АҚШ Монета сарайы номиналы бір доллар болатын жаңа алтын монетаны соғуды бастайды, - деп мәлімдеді Бессент.

Treasury Secretary Scott Bessent/X

Монетаның шығарылуы АҚШ тарихындағы мерейтойлық датаға - Тәуелсіздік декларациясының қабылданғанына 250 жыл толуына орайластырылған.

Бұған дейін АҚШ-та доллардың орнына «доналдтарды» шығару қызу пікірталас тудырып жатқаны хабарланған болатын.

Еске салайық, бұған дейін 250 жылдыққа ерекше қадам ретінде АҚШ паспортына Трамп бейнесі қосылатыны хабарланған