250 жылдыққа ерекше қадам: АҚШ паспортына Трамп бейнесі қосылмақ

АҚШ-та ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай қазіргі президент Дональд Трамптың бейнесі бар паспорттар сериясы шығарылмақ. Мұндай жеке куәліктерді АҚШ астанасы Вашингтондағы паспорт агенттігі автоматты түрде беретін болады.

 x.com/StateDept Бүгiн 2026, 07:57
Бүгiн 2026, 07:57
67
Фото: x.com/StateDept

АҚШ-та тәуелсіздіктің 250 жылдығына орай қазіргі президент Дональд Трамптың портреті бар паспорттар сериясы шығарылады. Бұл құжаттар Вашингтонда беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ DW агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-та ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай қазіргі президент Дональд Трамптың бейнесі бар паспорттар сериясы шығарылмақ. Мемлекеттік департамент мұндай жеке куәліктерді АҚШ астанасы Вашингтондағы паспорт агенттігі автоматты түрде беретіндігін мәлімдеді. ды. Онда онлайн түрде немесе басқа бөлімшелер арқылы алынған жағдайда стандартты дизайндағы паспорт берілетіні нақты көрсетілген.

Жарияланған үлгіге сәйкес, паспорттың алдыңғы мұқабасының ішкі бетінде Трамптың бейнесі мен оның алтын әріптермен жазылған қолтаңбасы орналастырылады. Ал артқы мұқабасында американдық суретші Джон Трамбуллдың «Тәуелсіздік декларациясы» атты картинасынан үзінді бейнеленеді. Мұндай паспорттардың нақты қанша данасы шығарылатыны белгісіз.

АҚШ-тың стандартты паспортының ішкі мұқабасында басқа суретші Эдвард Перси Моранның туындысы орналасқан. Онда АҚШ мемлекеттік гимнінің авторы Фрэнсис Скотт Ки британ әскерлерінің Балтимордағы Макгенри фортына жасаған бомбалауынан кейін бейнеленген. Бұл оқиға оның ең әйгілі шығармасын жазуына түрткі болған.

Трамптың портреті мен қолтаңбасы тағы қайда пайда болады

26 наурызда АҚШ-тың тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған 100 долларлық банкноттарда да қазіргі президенттің қолтаңбасы болатыны белгілі болды. Бұл АҚШ тарихында соңғы 165 жылда алғаш рет қазынашы қолтаңбасының орнына президент қолтаңбасы қойылмақ.

Сондай-ақ АҚШ бейнелеу өнері жөніндегі комиссиясы тәуелсіздік мерейтойына орай 24 караттық алтын монета шығаруды мақұлдады. Онда үстел жанында жұдырығын түйіп тұрған президент бейнеленіп, «Liberty» (Бостандық) деген жазу болады. 2025 жылдың қазан айында Трамп әкімшілігі бұл комиссияның барлық мүшелерін қызметтен босатып, орнына өзіне жақын адамдарды тағайындаған.

Бұған дейін Мемлекеттік департамент АҚШ Бейбітшілік институтына Трамптың атын берген. Ал Вашингтондағы Джон Ф. Кеннеди атындағы өнер орталығының атауы «Дональд Дж. Трамп және Джон Ф. Кеннеди атындағы Мемориалдық орындаушылық өнер орталығы» болып өзгертілген. Сонымен қатар Ақ үй басшысы АҚШ Әскери-теңіз күштері үшін «Трамп» деп аталатын жаңа үлгідегі екі әскери кеме салу жоспарын да жариялаған.

Наверх