15 Қыркүйек 2026, 15:37 Фото: istockphoto.com

АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды: СІМ мән-жайды растады

АҚШ-тың Көші-қон және кеден полициясының (ICE) қызметкерлері заңды көші-қон мәртебесінің жоқтығына байланысты Флорида штатында Қазақстан азаматын ұстады. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты Қазақстан азаматын АҚШ-тың Флорида штаты аумағында көші-қон қызметі ұстады», – деп хабарлады СІМ.

Қазақстандық дипломаттар Американың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен байланыс орнатып, қажетті консулдық көмек көрсетуде.

Ұсталғаны туралы ақпаратты құрбысы хабарлады

Бұған дейін бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Әйелдің құрбысы Instagram желісінде Әлия есімді қазақстандықты 12 қыркүйекте ICE қызметкерлері ұстағанын хабарлады.

Оның айтуынша, әйел үш бала тәрбиелеп отыр. Олар ұсталғаннан кейін АҚШ-та қалып қойған. Сондай-ақ жарияланым авторы отбасына заңгерлік көмек пен ықтимал көші-қон кепілзатына қаржы қажет болуы мүмкін екенін хабарлады. 

Айта кетейік, Қазақстанның ұсталған азаматына қатысты қандай шешімдер қабылданатыны әзірге белгісіз. 

Еске салайық, бұған дейін шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып ел шекарасынан өтпек болды.

Тағы оқи отырыңыз: 

ШҚО-да қос азаматтығы бар 35 тұрғын жауапқа тартылды

Қазақстан паспорты жаңа дизайнмен шығады

Қазақстанда 46 жалған диплом және оларды сататын 20 сайт анықталды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 💄🧠🍤🎱📿🕳🗯♥️⛓ (@salty_sssalt)