АҚШ Сауда министрі Қазақстанмен экономикалық ықпалдастық туралы айтты
АҚШ Сауда министрі Говард Латник Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстардың перспективаларына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, екі елдің ынтымақтастығын нығайту өзара сауда қатынастарын дамытуға ықпал етіп қана қоймай, маңызды минералдарды игеру саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Біз бұл бағытта бірлесіп инвестиция құя аламыз. Локомотив секторында Wabtec компаниясын таңдағандарыңызға қуаныштымыз. Бұл – екіжақты ықпалдастықтың негізі, – деді министр.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Сауда министрімен кездескенін хабарлаған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті
Өзгелердің жаңалығы