АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды 60 күнге жеңілдетті
Дональд Трамп Иранның қол жеткізілген уағдаластықтарды орындауы тиіс екенін ескертті.
Екі ел арасында жалғасып жатқан келіссөздер аясында Вашингтон Иранға қарсы санкциялардың бір бөлігін 60 күн мерзімге уақытша жеңілдетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, АҚШ билігі ирандық мұнайды өндіруге, жеткізуге және сатуға, сондай-ақ бұған қатысты қаржылық және көліктік операцияларға рұқсат берді. Тиісті лицензия 21 тамызға дейін жарамды болады.
Бұл шешім Вашингтон мен Тегеран арасындағы ұзақмерзімді бейбіт келісімге қол жеткізуге бағытталған келіссөздердің алғашқы раундтарынан кейін қабылданды. АҚШ Вице-президенті Джей Ди Вэнс бұл келіссөздер алдағы диалог үшін «жақсы негіз» қалағанын мәлімдеді.
Сонымен бірге, АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның қол жеткізілген уағдаластықтарды орындауы тиіс екенін ескертті. Оның айтуынша, келісім бұзылған жағдайда Вашингтон қайтадан қатаң шараларға жүгінуге дайын.
Бұл ретте Тегеран ядролық бағдарлама мәселелері мен халықаралық инспекторларды жіберу ісі әлі де алдағы талқылаулардың еншісінде екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ – Иран келіссөздерінен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді.