Ақмолалық әйел бір жылдан кейін атына 2 млн теңге несие рәсімделгенін білді
Жиені туысының атына несие ресімдеген
Ақмола тұрғыны бір жылдан кейін атына несие ресімлгенін білді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысының Атбасар ауданында полицейлер жиені әпкесінің атына оған айтпай, несие ресімдегенін анықтады.
Әйел 2 қазанда полицияға арыз жазған. Оның айтуынша, 2025 жылы оның атына ресімделген 2 миллион теңге сомасындағы несие туралы ол бір жылдан кейін білген. Оған банктен берешек туралы еске салу қоңыраулары түсе бастаған. Бірақ, әйел өзі ешқандай несиеге өтініш бермегенін айтқан.
Іс жүргізу барысында полицейлер 25 жастағы әйелдің жиенінің оқиғаға қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Белгілі болғандай, өткен жылы жас жігіт туысынан жеке пайдалануға банктік қосымшаға қол жетімділігі бар телефон сұраған.
Полицейлер анықтағандай, бірнеше ай ішінде ер адам несие бойынша төлемдер жасаған. Бірақ одан кейін қарызды төлеуді тоқтатқан. Нәтижесінде әйел қарыз туралы банктен қоңырау келіп түскеннен кейін ғана білді.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған оқиғаның мән-жайы белгіленуде.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада жеңілдікпен берілетін пәтер уәде етуге қатысты ірі алаяқтық әшкереленді.
Тағы оқи отырыңыз:
Маңғыстауда Instagram-да саудамен айналысқан танымал блогер ұсталды
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
Балабақшадан «кезексіз орын» уәде еткен астаналық әйел 4 жылға сотталды