Ақмолада шетелдіктер мінген автобус жолда бұзылып қалды

Ақмола облысының жолдарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәжікстан азаматтары – Атбасар қаласындағы №2 түзету мектебі мен №6 мектеп-интернатындағы жылыту пункттеріне орналастырылған.

15 ақпан сағ.23-25-те Атбасар қаласы “Алматы-Екатеринбург” тас жолында 71 адам эвакуацияланды. Тәжікстан азаматтары жылу пунктіне эвакуацияланды. Медициналық көмекке мұқтаж емес. Оқиға орнына ТЖБ қызметкерлері аға инженері Диас Нурпейсов, аға анықтаушысы Әділ Аманжолов пен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шықты, - деді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облысы ТЖД
Өзгелердің жаңалығы