Ақмола облысындағы жылыту пункттеріне 50 ге жуық адам эвакуацияланды

Дизель отынымен жүретін жолаушылар автобусынан 49 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының жабық учаскесінен 251 км а/ж қатты аязға байланысты құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп дизель отынымен жүретін жолаушылар автобусынан 49 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.   

Осылайша, Тәжікстан Республикасының 49 азаматы Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40градус аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Департаментіңізге, Қазақстан халқына бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Осындай суықта бізге көмектескендері, жылы жерге орналастырғандары, тамақтандырғандары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз, – деп эвакуацияланғандардың бірі атап өтті.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Darmen» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы