Ақмола облысындағы ұшақ апаты: ұшқыш пен жолаушы қаза тапты
Ақмола облысында орын алған жеңілмоторлы әуе кемесінің апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, UP-LA 229 борттық нөмірлі жеңілмоторлы ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі («Әуе көлігін пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Апат салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, – деп нақтылады департамент өкілдері.
Бұған дейін Ақмола облысында жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы әуе кемесі апатқа ұшырағанын хабарланғанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теннисші Скатов Италиядағы турнирдің финалында ойнайды
Өзгелердің жаңалығы