Ақмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің денесі табылды
Зеренді аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Тұрар Дүйсембин өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері марқұмның денесін элеватор аумағындағы Қылшықты өзенінен тапқан.
Айта кеткен жөн, Тұрар Дүйсембиннің жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 23 маусым күні түсті. Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған полицейді бір тәуліктен астам іздеді.
25 маусым күні сағат 09.15-те Қылшықты өзені мен оның маңайында жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында екі метр тереңдіктегі шұңқырдан мәйіт табылды. Алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталмады. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді министрлік.
Бұдан бұрын Зеренді аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Тұрар Дүйсембиннің жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы