Бүгiн 2026, 11:02
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Ақмола облысында ит әйелді талап тастады
Ит иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының Қосшы қаласында ит әйелді талап тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода ит талаған әйел үй иесін таба алмай тұрғанын айтады.
Аталған дерек Қосшы қалалық полиция бөлімінде тіркелді. Ит иесі жануарларға жауапкершілікпен қарау заңнамасын, атап айтқанда үй жануарларын асырау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Қарасай ауданында он шақты ит тағы бір әйелді талаған болатын.