Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының қанша қаражат жымқырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталуына қатысты мәліметпен бөлісті.

Антикор мәліметінше, Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы қаласының әуежайында ұсталды. 

Толығырақ ақпарат пайда болса, тағы хабарланатынын айтты.

Оның сөзінше, Қуанышбек Есекеев іс бойынша куәгер.

Кеше одан (Қуанышбек Есекеев – ред.) жауап алынды. Бірақ ол жұмыс орнында, - деп айтты Антикор басшысы.

Ол Қайрат Сатыбалдыұлының қандай істерге қатысы барын айтты.

Қазіргі таңда «Қазақтелекомға» байланысты бірнеше іс қозғалды. Яғни АҚ-ның ақшасын жымқыру фактісі бойынша. Осының аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сома белгіленді, бірқатар эпизод бар. Тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін соманы атаймыз деп ойлаймын. Бірақ сомалар миллиардтаған екенін айта аламын, - деді ол.

Сонымен қатар журналистер Сатыбалдыұлының қаңтар оқиғасына бар-жоғына қатысты сұрақ қойды.

Оның барлығы тексеріледі. Қазіргі күні ешқандай қосымша ақпарат бере алмаймыз, - деп айтты Антикор басшысы.

Антикордың мәліметі бойынша Сатыбалдыұлы кеше Дубайға ұшуды жоспарлаған.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы