Антарктидадан пирамидаға ұқсас тау табылды
Антарктидадан Мысырдағы Ұлы Гиза пирамидасына ұқсайтын тау табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Unilad сайтына сілтеме жасап.
Антарктидадан Мысырдағы Ұлы Гиза пирамидасына ұқсайтын тау табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Unilad сайтына сілтеме жасап.
Құрлықтың спутниктен түсірілген суреттерін көрген желі қолданушылары таңданысын жасырмады. Шамамен 83 миллион жыл бұрын аталған құрлық мұзды өлке емес ну орман болған. Сол кезде аймақта жылдық орташа температура 13 градусқа дейін жететін. Дегенмен бұл пирамида салуға түрткі болған нақты себеп деу қисынсыз.
Осы тақырыпта өрбіген түрлі қауесеттердің шындығына үңілген Ирвин геологиясының профессоры Эрик Ригноның сөзінше, бұл «пирамидаға ұқсайтын тау» ғана. Яғни, табиғи түзілістер мен мұздықтардың жақындауы нәтижесінде пайда болған.
Көптеген шыңдар ішінара пирамидаға ұқсайды, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс, - дейді Калифорния университетінің профессоры.
Бұл тау табиғи жолмен пайда болған пирамидалардың алғашқысы емес. Сөзімізге Исландиядағы Буландстиндур, Фарер аралындағы Бордоярнес шыңдары дәлел.
Аударған: Назерке Өтеген
- Иран қандай жағдайда кек қайтаруды тоқтататынын мәлімдеді 00:32
- Алматы тауларында қар көшкінін түсіруге заманауи технология қолданылды 12.03.2026
- Ормуз бұғазындағы шабуылдар: сегіз теңізші қаза тапты 12.03.2026
- Павлодар облысында қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды 12.03.2026
- Ақтөбеде аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды 12.03.2026
- Мәулен Әшімбаев: Жаңа сын-қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы 12.03.2026
- Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды 12.03.2026