Әнші Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды

Қайрат Нұртас тағы да заң бұзды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Желіде тараған видеода әншінің көлікті тізгіндеп бара жатқанын, бірақ белдікті тақпағанын көруге болады. 

Zakon.kz мәліметінше, өнер жұлдызы жол жүру ережесін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.

Көлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 593-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан бөлек сахнада балағат сөз айтқаны үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұл әншіге салынып отырған алғашқы айыппұл емес. Бұған дейін Қайрат Нұртастың жүргізушісі жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы