Анна Данилина алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Данилина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде 11-ден 10-орынға көтерілді.Бұл – оның спорттық жолындағы жеке рекорды.

Анна үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында бүгін осы жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Барбора Крейчикова – аустралиялық Сторм Сандерспен шеберлік байқасты.

Тартысты кездесуде бірінші партияда қазақстандық-үндістандық жұп басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қарсыластары дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Б.Крейчикова мен С.Сандерс жеңісті жұлып алды – 10:6.

Енді Данилина Мирзамен бірге жылдың басты турнирлерінің бірі – Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы