Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымы нені талқылайды?

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

16 наурызда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Қазақстаннан Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров қатысады, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Ол жиынға қатысушылар қандай мәселелерді талқылайтынына тоқталды. 

Отырысқа қатысушылар Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ мемлекет басшыларының қол қою жоспарланған құжаттардың түпкілікті жобасын бекітеді, - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізге Британияның сыртқы істер министрі келетіні туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы